Школа-интернат №4

8 (7222) 36-07-79 inter_semey_4@mail.ru
Меню

«Тіл-ұлттық қазына»

   АО ББ қарасты Семей қаласы «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 29.02.24-01.03.2024 жыл аралығында гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Тіл-ұлттық қазына» атты пәндер апталығы өткізілді. Оқушыларымыз «Үш тілдік саясатты» ұстану мақсатында апталықты салтанатты түрде үш тілде ашты. Оқушыларымыз тіл туралы жинақтаған қызықты мәлеметтерін видео түсірілім арқылы апта қатысушыларына ұсынды. Сонымен қатар оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында викториналық ойындар жүргізілді. Пән мұғалімдері өз тәжірбиелерімен бөлісу мақсатында бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтарын өткізді.

  Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін пәндер олимпиадасы салтанатты түрде ашылды. Мұғалімдер оқушылардың білім сапасын арттыру мен тексеру мақсатында қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырды. Пәндер олимпиада қортындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен марапатталды.

  Сонымен қатар апталық аясында 5-10 сынып оқушыларын Семей өңірінің тарихымен таныстырумен қатар еліне, жеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Семей облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып қайтты.

   Аптаны қортындылау мақсатында «Атаулы күндерге саяхат» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кешімізде оқушыларымыз атаулы мереке иелері бойынша үш тілде ақпарат дайындап, слайд-презентация ретінде ұсынды. Мектебіміздің жоғары және ортаңғы буын оқушылары Төле биге 360 жыл толуына орай, «Төле бидің өсиеті» және И.А. Крыловқа 255 жыл толу қарсаңында «Стрекоза и муравей» атты шығармаларын мектептің сахнасында сомдап, актерлік шеберліктерін көрсетті. Алаш көсемдеріне арнаған «Алаш арыстары» атты би композициясы орындап, Шәкәрім атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

   Мереке соңында гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұстаздарының орындауында «Ұлағатты ұстаз» атты авторлық ән шырқалды.

{if $files?}{foreach $files as $file}
{$file['name']}
{/foreach} {else} {/if}
КГУ "Специальная школа-интернат № 4" УО ВКО
Разработка SemStar