14 наурыз 2024 жылы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында «JULDYZAI» XIX Республикалық балалар шығармашылы фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
Фестиваль 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Вокал» номинациясы;
2) «Хореография» номинациясы;
3) «Аспаптық орындау» номинациясы;
4) «Әнді ыммен орындау» номинациясы;
Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету;
Ұлттық, әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау, оның өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
Халыққа мәдени демалыс пен эстетикалық тәрбие беруді, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің кәсіби дағдыларын игеруге және әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне ықпал ету;
«№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушылары "JULDYZAI" ХІХ Республикалық балалар шығармашылы фестивалінің облыстық кезеңінде өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға болды.
Бас жүлде - Гран-при «Аққу» биі;
1 орын - «Бастау» ансамблінің орындауында халық күйі «Нәр ағашы»;
2 орын - 8 сынып оқушысы Төребекова Мариямның орындауында «Түркімен күйі»
2 орын - «Заманауи би»
2 орын - «Қаражорға» биі
Жетекшілері: Жакиянова Оралгүл Айтқалиқызы, Чадаева Дидар Серикбосыновна. Жетекшілеріміз бен оқушыларымызға Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.