26.09.2024ж. Мектеп-интернатта «Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Абай облысының Білім басқармасы Қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Касымбек Айнур Курмашевна жиналыста сөз алды. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Н.Примак және педагог- психолог А.А.Маутбекова жаңартылған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының мазмұны және қауіпсіздік сабақтары туралы ата-аналарға ақпарат берді.